Шығыс Қазақстанда жылы ауа райы сақталады

7 Қазан 2019, 17:02
2148
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда жылы ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2019 жылғы 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Қазақстанның барлық аймағында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 4…9°С-қа жоғары болады, сондай-ақ бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Дегенмен, Поволжьеден келе жатқан суық атмосфералық фронттармен байланысты белсенді бұлтты массив шығысқа қарай ығыса бастайды. Оның жылжуына байланысты республикадағы ауа райы да өзгере бастайды. 

Алдағы тәулікте батыс облыстарда бұлтты ауа райы, кей жерде жаңбыр күтіледі және ауа температурасы төмендейді.         

9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 10 қыркүйекте солтүстік және орталықтың кей жерінде жаңбыр, найзағай болуы мүмкін. Сонымен қатар ауа температурасы біртіндеп төмендеуі ықтимал. 

"Шығыс аймақтарда әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады және сол қалпы жылы болады", - делінген синоптиктер хабарламасында. 

Жоғарғы жыраның әсерінен әсіресе оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердің таулы және тау бөктері аймақтарында өткінші жаңбыр және найзағай күтіледі.

 

 

Өзгелердің жаңалығы