Жылу желілеріне аудит жүргіземіз – Әлихан Смайылов

12 Желтоқсан 2022, 12:14
775
Бөлісу:
Жылу желілеріне аудит жүргіземіз – Әлихан Смайылов

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін елордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, «Жылу энергетикасы туралы» заңның жобасы әзірленіп жатыр. 

2023 жылдың 1-тоқсанында еліміздің барлық жылу электр станциясы және электр желілерінің аудиті аяқталады. Бұған қоса, жылу желілерінің аудиті өткізіледі. Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін Бірыңғай электр энергетикалық жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар ол әзірленіп жатқан «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы электр, жылу және құбыр желілерінің тозуын 20%-тік тармаққа төмендетуге мүмкіндік береді деп отыр. 

Бұл үшін 3,8 трлн теңгеге дейін инвестицияларды тартып, 134 мың километрден астам инженерлік желілерге жөндеу жүргізу қажет. Тиісті ережелер осы аптада бекітіледі. Көмірсутектер мен уранды барлау мен өндіру жөніндегі  304 келісімшартты ревизиялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Әзірше бұзушылықтар бар 27 келісімшарт айқындалды. Олардың 12-сі бұзылды. Басқалары бойынша жұмыс жалғасуда, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы