Жылу маусымы. 1800-ден астам тұрғын үй дайын

5 Қыркүйек 2024, 18:46
372
Бөлісу:
Жылу маусымы. 1800-ден астам тұрғын үй дайын
Фото: Артём Чурсинов -архив

Павлодар облысындағы 2472 көпқабатты үйдің 76,5%-ы жылу маумымына дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Иманзаиповтың айтуынша, биылғы жөндеу науқаны шеңберінде 360 дербес қазандықты дайындау жоспарланған.

Өңірдегі 1200-ден астам әлеуметтік нысанды жылу қабылдауға дайындау жұмыстары қызу. Білім беру нысандарының барлығы сақадай сай. Денсаулық сақтау және мәдениет, спорт объектілерінің әзірлігі жақсы. Әлеуметтік сала ғимараттарын жылыту мақсатында 220 мың тонна қатты отын тасымалданып жатыр. Ал әлеуметтік осал топтарға жататын халықты көмірмен қамту үшін ірі кеніштермен меморандумға қол қойылған. Кеніштер төрт мың тоннадан астам қатты отынды әлеуметтік жауапкершілік аясында бөлуді көздейді. Өңірде Майкөбе кеніштен тікелей тасымалданатын коммуналдық көмірдің бір тоннасы 8300 теңгеден беріліп жатыр. Ал облыс орталығында 13 мың теңгеден басталады. Қалалар мен аудандарындағы қоймаларда көмір бар. Бұл мәселе жұмыс топтарының жіті бақылауында, - дейді Ержан Иманзаипов.

Жылу маусымына дайындық жоспарға сәйкес энергия көздерінде де тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мамандардың хабарлауынша,  20 энергия көзіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. 1866 шақырымдық электрмен жабдықтау желілері және жабдықтардың 704 бірлігі жөнделді. Айта кетейік, Павлодар қаласында жылу маусымына дайындық шеңберінде 28 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы