Жылқы еті, шұбат пен қымыз. Тапашев әскерилердің рационы қалай өзгеретінін айтты

26 Тамыз 2021, 13:18
1934
Бөлісу:
Жылқы еті, шұбат пен қымыз. Тапашев әскерилердің рационы қалай өзгеретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бағыт аға офицері Руслан Тапашев айтты.

Әскерилердің тамақтануын одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Ұлттық асхананың тағамдарын қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде жылқы, түйе, қой, үйрек еті мен балық еті қосылады. Сондай-ақ құрт, шұбат пен қымыз да рационға қосылатынын айтты, - деді Тапашев.

Сондай-ақ брифингте ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов күзгі әскерге шақырудың талаптары мен резервшілерді әскерге шақыру туралы айтып берген еді.

Өзгелердің жаңалығы