Жылдың үздік төрешісі анықталды

19 Желтоқсан 2019, 02:51
3311
Бөлісу:
Жылдың үздік төрешісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық "Қайрат" пен талдықорғандық "Жетісу" арасында өткен футзалдан 2019 жылғы Қазақстан кубогі финалының алдында жылдың үздік төрешісі марапатталды, деп хабарлады Prosports.kz.

2018-2019 жылғы маусымның үздік төрешісі атағын Талғат Қосмұхамбетов алды. Жүлдені ҚФФ бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев табыстады.

Айта кетерлігі, Талғат Қосмұхамбетов бұл жүлдені қатарынан төртінші жыл алып отыр. 

 



Өзгелердің жаңалығы