Жылдам бой көтеретін, шығыны аз спорттық нысандар салуды ұсынамын – Дәурен Абаев

5 Сәуір 2022, 12:14
1560
Бөлісу:
Жылдам бой көтеретін, шығыны аз спорттық нысандар салуды ұсынамын – Дәурен Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

Өздеріңіз білетіндей, спорттық инфрақұрылым жетіспеушілігін шешу мақсатымен 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасы жүзеге асырылған болатын. Айта кететін жайт, бой көтерген дене шынықтыру-сауықты кешендері шын мәнінде спорттық нысандардың қолжетімділік жағдайын жақсартты, - деп атап өтті министр. 

Сонымен қатар ол қымбат жобаларды жабдықтандыруға сәйкесінше, көп мөлшерде қаржы кететінін айтып, өз ұсынысын білдірді. 

Алайда біз бұл қымбат жобаларды шаруашылық қамтамасыз етуге үлкен қаражат қажет екенін мойындауымыз керек. Олардың кейбірі келешегі аз елдімекендерде салынған. Сол үшін кейбір кешендер толықтай жұмыс істемей тұр. Ғимараттарда мақсатқа сай салынбаған алаңдар бар. Бұл – атриумдар, үлкен дәліздер. Біз тәсілдерді өзгертуді ұсынамыз, - деді ведомство  басшысы. 

Оның айтуынша, жылдам салынатын құрылысты қолданған әлдеқайда тиімді. 

Бұл мәселені шешудің бір жолы – жылдам бой көтеретін әрі шығыны аз спорттық модульдерді тұрғызу. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі осындай әдісті ауылдық елдімекендерді спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін қолдануда қолға алды. Бұл барынша арзан, функционалдық тұрғыда тиімді әрі жылдам, - деді Дәурен Абаев. 

Өзгелердің жаңалығы