Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бағаның қандай болатыны маңызды мәселенің бірі. Келесі 180 күндік бойынша бұйрыққа қол қойылды. Ол бойынша баға өзгермейді. Келесі жылы бағаның қалай болатынын көреміз. Мысалы, екі жыл бұрын баға айырмашылығы көрші елдермен баға айырмашылығы болмайтын еді. Ал қазір баға екі есе айырмашылық байқалады. Бұл нарықты сақтау бойынша маңызды мәселенің бірі. Бірақ бағаның аспандап ұшуын ешкім жоспарлап отырған жоқ, - деді Ақшолақов.
Министр атағандай, дизель отынының лимиттелген көлемін босату бойынша бақылау енгізіледі.
Қазақстан аумағынан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу жөнінде бірлескен бұйрық қабылданды. Автожанар-жағармай станцияларында сараланған бағалар енгізілді. Дизель отынының лимиттелген көлемін босату бойынша бақылауды іске асыру мақсатында толықтырулар енгізіледі, - деді ол.