Жыл соңына дейін 88 ауыл мобильді интернетпен қамтылады – ШҚО

11 Мамыр 2024, 08:48
351
Бөлісу:
Жыл соңына дейін 88 ауыл мобильді интернетпен қамтылады – ШҚО
Фото: baq.kz

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ШҚО-дағы 363 елді мекеннің 172-сі мобильді интернетпен қамтылған, оларда 691,8 мың адам тұрады (94,7%). 38,4 мың адам (5,3%) тұратын қалған 191 ауыл ғаламторға кезең-кезеңмен қосылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Altainews.kz мәліметінше, жыл басынан бері облыстың 7 елді мекені сапалы интернетпен қамтамасыз етілді.

Жыл соңына дейін тағы 88 ауыл мобильді интернетпен қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде 16 ауылда облыстық бюджеттен бөлінген 1,3 млрд теңгеге 19 антенна-діңгек құрылысы салынады.

Сондай-ақ «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында республикалық бюджет есебінен мемлекеттік мекемелерге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспарлануда, бұл телекоммуникациялық қызметтердің сапасын жақсартады.

Мобильді интернетпен қамту үшін облыстың республикалық маңызы бар жолдары бойында 30 антенна салу жұмыстары басталды.

Өзгелердің жаңалығы