Жыл соңына дейін қанша ауыл интернетке қосылатыны белгілі болды

26 Тамыз 2020, 15:27
1349
Бөлісу:
Жыл соңына дейін қанша ауыл интернетке қосылатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қазіргі таңда кең жолақты интернет желісі 4646 жергілікті аймақта салынды. Елде 6459 жергілікте мекен болса, оның үштен бірі кең жолақты интернетпен қамтылды. Осы аймақтарда 18,2 млн адам тұрады. Бұл халықтың 98,3 пайызын құрап отыр. Біздің ведомство мұнымен тоқтамайды. Жыл соңына дейін 256 адам тұратын барлық ауылды интернетпен қамту жоспарланған. Қазір 882 ауылда интернет жоқ, - деді ол. 
Ярошенко айтып өткендей, интернетпен қамту бойынша екі жоба жүзеге асырылады. 
Бірінші жоба мемлекеттік серіктестік жоба ретінде жүзеге асырылады. Ол шалғай жатқан ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтуға бағытталған. Мемлекет кең жолақты интернетпен ауыл, мектеп, ауруханалар мен әкімдіктерді қамту қызметін сатып алады. Осылайша, ауылдарда талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу ынталандырылады. Жобаға сәйкес, жыл соңына дейін 1257 ауылда ТОБ желісі салынады. 230 ауылда салу жоспарланып отыр, - деді ол. 
Ол атап өткендей, жоба аясында 3700-ден астам меморган мен бюджеттік ұйым интернетке қол жеткізеді. 
256-тан астам адам тұратын ауылдарды қамтамасыз ету  бойынша желі операторларымен біздің министрлікпен меморандум орнатылды. Олар жыл соңына дейін аталған ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз етеді. Жоба бойынша 46 ауыл қамтылды. 882 ауылға жыл соңына дейін интернет келеді. Екі жоба аясында жылдың соңына дейін халықтың 99,3 пайызы  кең жолақты интернетпен қамтылады, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол 256-ге жетпейтін адам тұратын ауылдарға қатысты мәліметті де айтты. 
Біздің министрлік пен ұлттық экономика және өңір әкімдіктері бұл жұмысты қарастырды. Қазіргі таңда 243 жергілікті ауыл таңдалып алынды. Оларға 2021-2023 жылдары интрнет желісі тартылады, - деді ол.




Өзгелердің жаңалығы