Жыл сайын грант санын 10 пайызға өсіреміз - Нұрбек

23 Қыркүйек 2022, 12:22
1900
Бөлісу:
Жыл сайын грант санын 10 пайызға өсіреміз - Нұрбек

Біз бүкіл студентті толыққанды грантпен қамтамасыз ете алмаймыз. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір білім саласына қысым жасап отырған ол демографиялық ахуал. 2020 жылдың қортындысы бойынша елімізге 425 мың бала дүниеге келді. Бұған шүкір етуміз керек. 2021 жылдың дерегіне сәйкес, 450 мыңнан астам бала дүниеге келген. Соңғы рет бұл рекорд 20-шы ғасырда 1987 жылы 487 мың сәби өмір есігін ашқан кезде қайталанған екен. Қарап отырсақ,  біз 21 ғасырда екі рекорд жаңартып отырмыз, - деді Саясат Нұрбек.

Оның дерегінше, биыл республика мектептеріне 400 мыңға жуық бала 1 сыныпқа барды.

177 мың оқушы мектеп бітірді. Қарап отырсаңыздар, орта білімдегі демографиялық толқын жоғары білімге де әсер етіп келе жатыр. Оған қарамастан, біз жыл сайын гранттардың санын өсіреміз. Биыл 88 мың грант бөлдік. Бұл былтырғы қарастырылған грант санымен салыстырғанда 19 пайызға өскен. Әр жыл сайын біз 10 пайызға өсіреміз. Соның өзінде Қазақстанда оқып жатқан студенттер саны 609 мыңнан асып кетті. Оның 60 пайызы ақылы білім алып жатыр. Яғни, демография өседі, балалар саны көбейеді біз оларды толыққанды қолжетімді грантпен қамтамасыз ете алмаймыз, - деп мәлімдеді Ведомства басшысы орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.  

Өзгелердің жаңалығы