Жыл сайын елімізде 800-ге жуық орман және дала өрті тіркеледі

18 Шілде 2022, 12:34
1362
Бөлісу:
Жыл сайын елімізде 800-ге жуық орман және дала өрті тіркеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл сайын елімізде  800-ге жуық орман және дала өрті тіркеледі.

Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы  Нұрболат Дербісов осылай деп мәлім етті.

Қазгидрометтің хабарлауынша, осы жылдың үшінші тоқсанында ауа температурасы орташа +30ºС-қа дейін жетеді, ал республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөліктерінде құрғақшылық пен жауын-шашын тапшылығымен ауа температурасы +40ºС-қа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.  Мұның бәрі орман қорындағы өрт қаупін едәуір арттырады, - деді комитет төрағасы.

Спикердің атап өтуінше,  өрттің тек 43% - ы табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан туындаған, ал 50% - дан астамы адамның қатысуымен болған.

Осыған байланысты, ТЖМ әкімдіктермен және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, халықтың ормандар мен дала алқаптарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауы, ауыл шаруашылығы ұйымдарының өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алды. Барлық өңірлерде кең ауқымды алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Нұрболат Дербісов.

Сонымен қатар Дербісов ТЖМ бөлімшелерінің бастамасы бойынша азаматтық қорғау, полиция, әкімдіктер мен БАҚ қызметкерлерінен бірлескен мобильдік топтар құрылғанын, олармен 7 427 бірлескен рейд жүргізіліп, 1 165 өрт қауіпсіздігі талаптары бұзушылығын анықталғанын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы