Жыл сайын елімізде 500 теолог, 200 дінтанушы дайындалады

18 Ақпан 2021, 10:10
1525
Бөлісу:
Жыл сайын елімізде 500 теолог, 200 дінтанушы дайындалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов дін саласында оқып жатқан студенттермен онлайн кездесу өткізді. 

Кездесуде дінтану, исламтану, теология оқу бағдарламаларын жетілдіру, мамандандыру бойынша өндірістік практика, сондай-ақ түлектерді одан әрі жұмыспен қамту бойынша өзекті мәселелер талқыланды. 

Шара барысында Ержан Нүкежанов Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында дінтану бойынша білім алуға, және діни қызметкерлерді дайындау үшін оқу бағдарламаларын іске асыратын діни бірлестіктердің діни оқу орындарында теологиялық білімді алуға барлық жағдай жасалғанын атап өтті. 

Ел аймақтарында тиісті мамандық қажеттілікті қамтамасыз ететіндей жыл сайын Қазақстанда 500 теолог, 200 дінтанушы дайындалады және дін саласындағы 1000-нан астам маман біліктілікті арттыру курстарын өтеді, - делінген хабарламада.

Сонымен бірге мемлекет тарапынан дін саласындағы білім беру мәселелері бойынша қабылданған барлық маңызды шараға қарамастан, ақпараттық-профилактикалық және оңалту шараларда білікті мамандар
жетіспей отыр.

Ержан Нүкежанов студенттердің назарын өндірістік тәжірибенің сапалы түрде өту қажеттігіне аудартты.

Кездесу қорытындысы бойынша белсенді студенттер діни білім беру саласын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдірді. 

Өзгелердің жаңалығы