Жыл сайын 500 қазақстандық ғалым әлемнің үздік ғылым орталықтарында тағылымдамадан өтеді – Мамин

12 Ақпан 2021, 11:24
1493
Бөлісу:
Жыл сайын 500 қазақстандық ғалым әлемнің үздік ғылым орталықтарында тағылымдамадан өтеді – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

Жол картасының екінші бағыты - зияткер, саламаттылық және ыждағаттылықты арттыру аясында 63 шараны жүзеге асыру көзделіп отыр. Мәдениет пен ғылымды дамыту бойынша жұмыс жалғасады. Алдыңғы қатарлы трансферттік білімді дамыту бойынша жыл сайын 500 қазақстандық ғалым үздік әлемдік ғылым орталықтарында тағылымдамадан өтеді. 2025 жылға қарай 1500 мәдени нысан салынып, жыл сайын 300 нысанның құрылысы мен жаңғыртуы жүзеге асырылады, - деді ол. 

Мамин атағандай, 20 үздік жоғары оқу орындарының негізінде академиялық орталық құрылады. 
2024 жылы 5 орталық, 2025 жылы 15 орталық ашылады. Қазақстандықтардың денсаулығы – басты басымдық. Халықтың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа ұзартуды 2022 жылы, 75 жасқа 2025 жылға дейін ұзарту көзделіп отыр. Саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады. 2025 жылға қарай бала және жасөспірімдер орталықтарын тірек ауылдарда 139 - 175-ке көбейтіліп, 1 мыңға жетеді, - деді ол. 

Мамин ерекше қажеттілігі бар ересектер мен балаларға арналған спорттық кешендерде жағдай жасалатынын атап өтті. 

2023 жылы бапкер оқытушылардың жалақысы 2 есеге өседі. Осылайша, бұқаралық спортпен айналысатын адамдар саны 30 пайыздан 40 пайызға артады, - деді ол. 

Айта кетейік, Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасы талқлыланып жатыр.

Бұған дейін Үкімет басшысы 2023 жылға қарай мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өсетінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы