Жыл басынан бері Жамбылда коронавируспен 9 адам ауырды

10 Ақпан 2024, 07:57
602
Бөлісу:
Жыл басынан бері Жамбылда коронавируспен 9 адам ауырды
Фото: архив

Коронавирус инфекциясы бойынша Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыста 2024 жылдың қаңтар айында облыс тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының 9 жағдайы тіркелген.

Медициналық масканы (бетперделерді) халық көп шоғырланған жерлерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автокөлік вокзалдарында, базарларда, сауда-саттық-ойын орталықтарында, сауда үйлерінде, театрларда, кинотеатрларда, ХҚКО, банктерде және басқа да жерлерде, көліктердің барлық түрлерінде (қоғамдық көліктер, әуе, теміржолкөліктері) киіп жүруді ұсынамыз, - дейді Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова.

Өзгелердің жаңалығы