Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жыл басынан бері жалақы алмаған ветеринарларға 280 млн теңге төленді

15 Мамыр 2025, 14:10
392
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Абай облысының прокуратурасы жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қадағалау барысында "Облыстық ветеринариялық қызмет" ШЖҚ КМК қызметкерлері осы жылдың қаңтар айынан бастап 280 млн теңге жалақыларын алмағаны анықталды.

Бұзушылықтың себебі – Абай облысының Ветеринария басқармасы жүргізген кәсіпорынды қайта құрудың уақытылы болмауы.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде еңбекақы бойынша берешек толық өтелді. 809 қызметкердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы