Жыл басынан бері мемлекетке қанша ақша қайтарылды?

28 Қазан 2022, 16:26
1489
Бөлісу:
Жыл басынан бері мемлекетке қанша ақша қайтарылды?

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік аудит дегеніміз бюджет қаражатын жұмсауды талдау, тексеру болып табылады. Оның негізгі мақсаты - бюджет қаражатын тиімді пайдалануды арттыру болып табылады. Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит төрағасы Ержан Мыңжасаров брифинг барысында біршама талдаулар жүргізілгендігін айтты.

Осы жылдың 9 айы ішінде 1851 тексерілу жүргізілді. Нәтижесінде,  272,1 млрд теңгеге жуық қаржылық бұзылыстар анықталды. Олардың 10 млрд теңгеге жуығы бюджетке өтелді. 29 млрд-қа жуық теңгеге товарлар жеткізіліп, жұмыстар орындалды. Және 233 млрд-тан астам теңгеге бухалтерлік есеп бойынша кемшіліктер өз қалпына сәйкестендірілді. Аудит обьектілеріне  1638 ұсыныс беріліп, олардың 70%-ы орындалды,-деді ол.

Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес 6091 материал бойынша іс қозғалып, 605 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Бүгінгі күні оның 97% мемлекетке төленді. Тәртіптік жауапкершілікке 1595 кінәлі адам тартылды. 150-ге жуық материал құқық қорғау органдарына жіберілгенін айтты.

Осы жылы комитетке әртүрлі салалардан 30 мыңға жуық өтініштер келіп түсті. Оның  ішінде 22 мыңнан астамы мемлекеттік сатып алуға байланысты жүгінген заңды тұлғалар өтініші. Өтініштердің көбісі әлеуметтік құрылыс, білім беру, медицина саласына қатысты ақшаны жұмсау туралы болып келеді. Барлық өтініштер қанағаттандырылды,- деді Ержан Мыңжасаров.

Өзгелердің жаңалығы