Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы ауданға екі мыңнан астам бас ірі қара, 2615 жылқы мен 31 бас қой жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бірнеше жылдан бері жергілікті ауыл шаруашылық өнім өндірушілері мемлекеттік бағдарламалар арқасында малды асылдандыру ісін қолға алған.Мәселен, күні кеше Ағашорын ауылдық округінің «Замандас» ШҚ «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 62,5 млн теңге несие алып, сол қаражатқа Ресейдік Красноярск өлкесінен 100 герефорд сиырын әкелді.
Сонымен бірге жақында Амангелді ауылдық округіне 16,3 млн теңгеге 550 қой жеткізілді.
Айта кетейік, облыс ауыл шаруашылығы саласында мал басын арттыру және оны асылдандыру мәселесіне жіті назар аударылған. Осының барлығы өңір халқын сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік береді.