Жыл басынан бері ел қазынасына 11 трлн 177 млрд теңге кіріс түсті

11 Қазан 2022, 11:38
1005
Бөлісу:
Жыл басынан бері ел қазынасына 11 трлн 177 млрд теңге кіріс түсті

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Премьер-министрдің орынбасары Үкімет мүшелерінің алдында 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштеріне есеп берді. 

Мемлекеттік бюджетке 11 трлн 177 млрд теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 104,8%-ға орындалды. Республикалық бюджетке 7,5 трлн теңге шамасында кірістер түсті немесе жоспар 101,9%-ға орындалды. Кірістер бойынша жоспар 143 млрд теңгеге артығымен орындалды, оның ішінде салықтар – 55 млрд теңгеге, салықтық емес кірістер – 89 млрд теңгеге асыра орындалды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, салықтар бойынша негізгі асыра орындау сомасы қосылған құн салығына келеді.

Қосылған құн салығы бойынша жоспардың асыра орындалу факторлары байқалды. 9 айда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24%-ға ұлғайды. Қосылған құн салығы түсімдерінің 44%-ға және үшінші елдерден импорт көлемі 26%-ға артты, - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Өзгелердің жаңалығы