Жыл басынан бері экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды

30 Сәуір 2024, 05:26
477
Бөлісу:
Жыл басынан бері экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісін анықтады. Бұл туралы ІІМ брифингінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Заңсыз айналымнан тыйым салынған 15 мың метрден астам балық аулау торлары, 9 тонна балық және балық өнімдері, шамамен 3,5 мың ақбөкен мүйізі, 135 аңшы мылтығы, 81 текше метр заңсыз кесілген ағаштар тәркіленді. Балық өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында Жайық-Каспий бассейні аумағында “Бекіре” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында бір үйде тінту жүргізу барысында жалпы салмағы 72 кг болатын 13 дана бекіре балығы тәркіленді. Атырау облысында Жайық жағалауын патрульдеу кезінде күдіктілерден 6 қапшыққа салынған 30 дана бекіре және сазан балықтары табылып, “Бекіре тұқымдас балықты өсіру зауытына” тапсырылды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Сонымен қатар қазір республика көлемінде халықтан заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы жүргізіліп жатыр. Акция басталғалы бері ішкі істер органдарына азаматтар тарапынан 422 атыс қаруы тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы