Жыл басынан бері браконьерлік фактісі бойынша 23 қылмыстық іс қозғалған

27 Қаңтар 2021, 20:02
1498
Бөлісу:
Жыл басынан бері браконьерлік фактісі бойынша 23 қылмыстық іс қозғалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2021 жылдың басынан Қызыл кітапқа енген және жоғалып кету қаупі бар жабайы жануарларға қатысты браконьерлік фактілер бойынша 23 қылмыстық істі анықтады.

Оның ішінде 18-і киік дериваттарын заңсыз қолдану бойынша және 5-і сирек кездесетін жануарлар (арқар , қарақұйрық) түрінің заңсыз аулануына байланысты істер.

Комитеттің бағынысты ведомствосы - «Охотзоопром ӨБ» инспекторлары мұндай браконьерлік фактілердің алдын алу үшін үздіксіз тексерістер жүргізетінін атап айтқанымыз жөн.
Ескере кету керек, мұндай қылмыстар ҚР ҚК-нің 337 «Заңсыз аң аулау, оның ішінде атыс, пневматикалық, лақтырылатын, суық қаруды, аулау құралдарының басқа да түрлерін қолдану» бабына сәйкес  3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салумен немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен жазаланады. Браконьерліктің жоспарланған немесе жасалған фактісі туралы ақпарат болған жағдайда Комитеттің 8-777-678-52-52 жедел желі телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы