Жыл басынан бері Алматыда 54 балабақша ашылды

30 Шілде 2022, 14:25
1551
Бөлісу:
Жыл басынан бері Алматыда 54 балабақша ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның мәліметі бойынша, бүгінгі таңда 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 71,8%-ы, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

Бұл туралы Forbes.kz хабарлады.

Бүгінде Алматы аумағында 866 балабақша жұмыс істейді. Оның 193-і мемлекет меншігінде.

Біз балабақшалардағы кезекті қысқарту бойынша кешенді шараларды қолға алып жатырмыз. Мәселен, бірінші жартыжылдықта Алматыда 3 316 орынды 54 жаңа жекеменшік балабақша ашылды. Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам орынды 15 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымды ашып, 280 орынды мемлекеттік балабақшаны пайдалануға беру жоспарлануда, - деп мәлімдеді Ләззат Жылқыбаева.

Сонымен қатар, биылғы жылы 5 227 орынды жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурс өткізілді. Барлығы 573 жеке мектепке дейінгі ұйымдарда 35 698 орынға мемлекеттік тапсырыс жүзеге асырылуда.

Жыл соңына дейін 13 820 орындық 18 орта білім беру нысанын іске қосу жоспарлануда. Бұл шағын ауданда 7 500 орынды 5 мектеп. Қалқаман-2, Қайрат, Дархан, Мәдениет, Нұркент.

№48, 191, 125, 146, №9 мектептері кеңейтіледі, соның есебінен қосымша 1 270 орын пайда болады. Бостандық және Наурызбай аудандарында 1 800 орындық екі ғимарат сатып алынады және жеке инвестициялар есебінен 3 250 орынды 6 мектеп ашылады.

Өзгелердің жаңалығы