Жыл басынан бері 7 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталған

28 Қазан 2019, 17:04
2465
Бөлісу:
Жыл басынан бері 7 мыңнан астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков жыл басынан бері комитеттің бақылау-инспекциялық қызметі жүргізген жұмыстарды қорытындылады. 


"10 айдың ішінде 7421 табиғатты қорғау рейді мен 731 тексеру жүргізілген. Оның 7313-інде табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталған. Аңшылық бойынша – 745, орман тәртібін бұзу бойынша – 1024, балық бойынша – 5544 бұзушылық. Әкімшілік жауапкершілікке – 5921 адам, қылмыстық жауапкершілікке 48 адам тартылды. 77,7 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынып, оның 69,1 млн теңгесі өндірілді", - деді комитет төрағасы.
Қайнарбеков сенбі-жексенбі күндері Қарағанды облысы Нұра ауданында тағы да 72 киік ұшалары, "Феттер" маркалы 5 калибрлі гильзасы табылғанын айтты. Осы факт бойынша ІІБ барлық жеке құрамына тергеу жүргізу материалдарының барлығы жеткізілген.
Өзгелердің жаңалығы