Жыл басынан бері 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

10 Қараша 2020, 14:02
1448
Бөлісу:
Жыл басынан бері 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 983 кәсіпорнында 27,7 мың жұмыскер алдында 3,5 млрд теңге жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. 

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 657 нұсқама беріліп, 88,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.   

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,4 мың тексеру жүргізді. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 5,4 мыңнан астам фактісі анықталып, 157,7 млн теңге сомаға айыппұл салынды. 

Өзгелердің жаңалығы