Жыл басынан бері 20 мыңға жуық жұмысшының құқығы қорғалды

9 Қыркүйек 2021, 14:53
1241
Бөлісу:
Жыл басынан бері 20 мыңға жуық жұмысшының құқығы қорғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 18,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 3 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 706 кәсіпорнында 20,1 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 430 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. 

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 886 нұсқама беріліп, 100,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 359,9 млн теңге төленді, - делінген ведомство хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы