Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында жүгенсіз жүргізушілердің саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жыл басталғалы 1 айға жетпейтін уақыт ішінде ішімдікке тойып алып, көлік жүргізген 24 адам тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Енді олар 7 жылға көлік тізгіндеу құқығынан айырылады. Ал былтыр 558 жүргізуші жазаланды. Оған да көлікті мас күйде басқару басты себеп болып отыр. Осындай салғырттықтың кесірінен мұнайлы өңірде жол-көлік оқиғасы жиілеген.
Осы айдың жиырмасына дейін қала төңірегінде 24 мас жүргізуші ұсталды. Яғни олар ҚР ӘҚК-нің 608-бабымен әкімшілік хаттама жасақталып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып және жүргізушілер 15 күндік әкімшілік қамауға алынды, - дейді қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Нұрбақыт Басаров.