Жыл басталғалы 31 жасырын есірткі зертханасы жойылды – Имашева

2 Мамыр 2024, 12:40
321
Бөлісу:
Жыл басталғалы 31 жасырын есірткі зертханасы жойылды – Имашева
Фото: polisia.kz

Есірткі өндірісі күннен күнге көбеюде. Бұл туралы мәжіліс отырысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде есірткі өндірушілер "синтетиканы" өнеркәсіптік ауқымда жасап жатыр, оларға керекті жабдықтар мен химикаттарды, прекурсорларды тасымалдауды пысықай диллерлер тұрақты схемаларға айналдырған. Есірткі өндірісі күннен күнге көбеюде. Егер 2019 жылы - 3, 2020 жылы - 8 заңсыз есірткі зертханасы табылып жойылса, 2023 жылы 81 жасырын лаборатория жойылды. Жыл басталғалы 31 жасырын есірткі зертханасы жойылды. 10 тоннадан астам прекурсор алынды. Осылайша, пайдалануға дайын 1 тонна есірткі жасау өндірісінің жолы кесілді, бұл 3 миллион доза және мыңдаған құтқарылған өмірлер. 1 тонна 967 гр (екі тоннаға жуық) есірткі, оның ішінде 457 кг синтетикалық есірткі тәркіленді, - деді Снежанна Имашева.

Оның айтуынша, есірткі қылмысына қарсы күресті прекурсорлар мен зертханалық жабдықтарды заңсыз жеткізудің жолын кесуден бастау керек.

Бұл – неғұрлым тиімді шара. Бірақта, қолданыстағы заңнамада олардың контрабандасы үшін ғана жауапкершілік белгіленгенде, ал прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Осы мақсатта Қылмыстық кодекстің 301 және 303-баптарына прекурсорларды заңсыз дайындағаны, өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны және жөнелткені үшін қылмыстық жауапкершілікті, яғни олардың заңсыз айналымы үшін, сондай-ақ олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін жауаптылықты көздейтін түзетулер енгізу ұсынылады. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес күшті әсер ететін заттардың айналымындағы жағдай да осындай болып тұр, - деді ол.

Имашева "трамадол", "тропикамид", "азоттың тотығы", "сомнол", "прегабалин" және тағы сол сияқты медицина препараттарын жасөспірімдер тым көп пайдаланып жатқанын атап өтті.

Бұл заттарды есірткіге тәуелді адамдар синтетикалық есірткінің әсерін күшейту үшін пайдаланады, нәтижесінде оларға медициналық емес сұраныс айтарлықтай өсті, - деді аңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы. 

Өзгелердің жаңалығы