Жүзуден параспортшылар Берлиндегі халықаралық чемпионатта тоғыз медаль алды

17 Мамыр 2023, 02:20
661
Бөлісу:
Жүзуден параспортшылар Берлиндегі халықаралық чемпионатта тоғыз медаль алды
Фото: BAQ.KZ paralympic.kz

Қазақстандық параспортшылар жүзуден Берлинде өтіп жатқан халықаралық чемпионатта үздік нәтиже көрсетті. Қос бірдей спортшы рекорд жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемнің 50 елінен келген спортшы бақ сынаған сайыс 37-рет өтіп жатқан халықаралық парачемпионат.

Сайыста Қазақстанның намысын 9 спортшы қорғады. Екі бірдей жүзу шебері Алина Дубинина мен Сергей Кинин жаңа рекорд орнатты.

Бұл әлемдегі ең беделді жарыстың бірі. Біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Олар эстафеталық жүзуде жүлделі орындарға таласып, күміс және қола медальдарға ие болды. Жеке сайыстағы жетістіктігіміз деп 2 спортшымыздың орнатқан рекордын айта аламыз, - деді ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Айдар Қартпаев.

Спортшылар алдағы күзде Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия паралимпиада ойындарына қатысады.

Өзгелердің жаңалығы