Жүзуден Қазақстан құрамасы халықаралық жарыстан үш медаль жеңіп алды

29 Мамыр 2021, 23:31
1676
Бөлісу:
Жүзуден Қазақстан құрамасы халықаралық жарыстан үш медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Литвада жүзуден халықаралық турнирдің финалдық кезеңі өтті. Қазақстан құрамасы бүгін үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында 100 м қашықтықта батерфляй әдісімен, әйелдер арасында 50 метрде еркін стиль және ерлер арасында 200 м қашықтықта арқамен жүзу бойынша жеңімпаздар анықталды.

Өз кезегінде Әділбек Мусин тиісті қашықтықты 00.52.72 уақытта жүзіп өтіп, алтын медаль жеңіп алды. Варакин Александр 00.22.57 уақытта бағындырып, жарыста топ жарды. Ал әйелдер арасында Анастасия Резванцева 02.21.93 көрсеткішімен екінші болды. 

Өзгелердің жаңалығы