Жүзген көліктер, жабылған жолдар: Әйгілі туристік аралды су басты

Грекияның Парос аралын жаппай су басып, тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан кадр 1 Сәуір 2025 2025, 07:48
1 Сәуір 2025 2025, 07:48
794
Фото: видеодан кадр

Грекияның Парос аралын жаппай су басып, тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Newsday таратқан мәліметке сәйкес, күшті жауын салдарынан туристер көп келетін Парикия мен Науса аралдары толықтай судың астында қалды.

Көшедегі ағынның әсерінен автокөліктер мен қоқыстар су бетіне шыққан.

Аралдардың билігі мектептерді жауып, көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойды. Азаматтық қорғаныс қызметі ұялы телефондарға тұрғындарға үйлерінде қалуларын сұрап, хабарлама жіберуде.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Эгей теңізінен оңтүстік-шығысқа қарай Киклада тобының аралдарына да дауылды ескерту жарияланды.

Наверх