Жұрт алдында жауап бересіздер. Президент депутаттарға жүктелетін міндетті атады

29 Наурыз 2023, 10:48
715
Бөлісу:
Жұрт алдында жауап бересіздер. Президент депутаттарға жүктелетін міндетті атады
Фото: Ақорда

VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарға жүктелетін міндетті атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттарға бір ғана маңызды міндет жүктеледі. Яғни, әрдайым өзгерістердің бел ортасында болу керек. Сіздер шешім қабылдайсыздар және сол үшін жұрт алдында жауап бересіздер, - деді Тоқаев.

Сөзінше, халықтың мүддесін тиімді қорғау және еліміздегі өзекті мәселелерді шешуге атсалысу үшін азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажет. 

Еліміздің негізгі басымдықтарын баршаңыз жақсы білесіздер. Бұл – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру. Сол арқылы тамыры тереңде жатқан мемлекеттілік дәстүрімізді нығайта түсу, - деді Мемлекет басшысы отырыста.

Өзгелердің жаңалығы