Журналистің әлеуметтік мәртебесіне мән берілу керек - бас редактор

13 Қаңтар 2023, 12:12
1490
Бөлісу:
Журналистің әлеуметтік мәртебесіне мән берілу керек - бас редактор
Фото: автордан

БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданған болатын. Осы тұрғыда «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл өз ұсынысын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі.

Ақпарат саласында болып жатқан түрлі өзгерісті көрдік. Қазіргі заманда адам санына ықпал етуде БАҚ-тың ықпалы өте күшті болып отыр. Қазір дәстүрлі ақпарат құралдарымен қабат, әлеуметтік медиа дамып келеді. Журналист мемлекеттік қызметкер емес, бірақ мемлекет саясатын жүргізуде басты мақсатты атқарып отыр,-деді ол.

Сондай-ақ журналистің әлеуметтік мәселесіне көңіл бөлінуі керек дегенді алға тартты.

Жаңа заң жобасында журналистің әлеуметтік мәртебесіне мән беру керек деп есептеймін. Журналистерді баспана мәселесі қатты алаңдатады. Әлемдік тәжірибеде  Әзірбайжан, Түркияда журналистерге жеңілдікпен баспамен қамтамасыз ету турасында жақсы тәжірибелер бар. Осы мәселе біздің елде де тиімді шешлуі керек деп ойлаймын,-деп атап өтті.

Және әлеуметтік желілер бопсалау құралына айналып бара жатқандай. Жаңа заң жобасы осы мәселелерді де реттейді деп үміттенемін деді ол.

Сондай-ақ сөз алған редактор қазір оқу мәдениетін төмендегінін айтып, газеттер елімізде егде жастағы адамдар оқитын ақпарат құралдары болып жатқанын айтады.

Журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруда сауатты, білікті мамандарды табу өте қиын. Сондықтан журналистика мамандарын даярлайтын оқу орындары сапаға басты назарды аудару керек. Тағы бір қуантарлығы, жаңа заңда БАҚ қосымша құн салығынан босату көзделген. Бұл әсіресе мемлекеттік емес ақпарат құралдарына қажет дүние,-дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы