Журналистиканың жауапкершілігі жоғары – СІМ

28 Маусым 2020, 12:37
1928
Бөлісу:
Журналистиканың жауапкершілігі жоғары – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады.

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Сыртқы істер министрлігінің ұжымы сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды!

Қазіргі әлемнің ерекшелігі - ақпараттық кеңістіктің оған тән қарама-қайшылықтары мен әркелкілігімен қатар ақпараттық ағымның арта түсуінде. Бұл жағдайда медиа саласындағы мамандардың рөлі өте жоғары әрі жауапты. "Мәселенің шын мәнісіне жетуге" деген ұмтылыс, фактілерді іздеп және талдай отырып, тақырыпты жан-жақты зерделеп, пікірлерді салыстырып, қоғамның сапалы және шынайы ақпаратқа деген өсіп келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу нағыз кәсіби мамандарға тән қасиет.

Сіздердің жұмыстарыңыз аянбай қызмет етуді, кәсібилік пен мамандықтарыңыз сөзсіз адалдық қасиеттерді талап етеді. COVID-19 пандемиясының әсерінен қалыптасқан жаңа шындық жағдайында ел басшылығы оның салдарын еңсеру жөнінде қабылдап жатқан шаралар туралы жедел түрде хабар тарата отырып, сіздер аса қауіпті індет алдында қоғамды жұдырықтай жұмылдыру бойынша маңызды миссияны атқарып келесіздер.

Осы орайда, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы беделінің өсуіне ықпал ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін жариялауда белсенді атсалысқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Баршаларыңыз үшін сәттілік әрдайым серік болып, қызметтеріңіз қуаныш пен қанағатқа толы болсын. Сіздерге шығармашылық табыстарға, жаңа жетістіктер мен мақсаттарыңызға сүрінбей жетуге тілектерімізді білдіре отырып, өздеріңіз бен жақындарыңызға бақыт, зор денсаулық пен амандық тілейміз!, - делінген құттықтауда.

Өзгелердің жаңалығы