Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжіліс отырысының жалпы отырысына БАҚ өкілдері офлайн форматта қатысып жатыр.
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин отырыстың ашылуында офлайн жұмыстың журналистер үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Құрметті әріптестер, баршаңыз жақсы білетіндей, індетке байланысты соңғы 1,5 жыл ішінде ақпарат өкілдері Парламенттің, Үкіметтің шараларына қатыса алмады. Сондықтан бүгінгі отырысымыздың бір ерекшелігі – 1,5 жылдан кейін журналистердің отырысқа келуі. Бұл, әрине жақсы жағдай. Себебі біз үшін де, ақпарат өкілдері үшін де офлайн жұмыс өте қажет және маңызды, - деді Нұрлан Нығматулин.
Еске сала кетейік, Мәжіліс отырысы пандемия салдарынан онлайн режимге ауысқан болатын. Бүгіннен бастап БАҚ өкілдері карантин талаптарын сақтай отырып, Мәжілістің жұмысына офлайн режимде қатыса алады.