Журналистер арасында «Жаңа жағдайдағы білім беру» байқауы жарияланды

26 Мамыр 2021, 19:40
2978
Бөлісу:
Журналистер арасында «Жаңа жағдайдағы білім беру» байқауы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы журналистер арасында байқау жариялады.

Журналистерге арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» республикалық байқауының мақсаты - жаңа жағдайда қазақстандық мектептерді ақпараттық қолдау, қазіргі білім берудегі жаһандық трендтер, нақты педагогтар мен ұжымдардың кәсіби жетістіктерін еліміздің орта білім беру жүйесіне тарату, сандық дәуір мен жасанды интеллект ғасырындағы мұғалімнің миссиясын өзгерту, мектеп пен отбасының табысты ынтымақтастығы, балаға игілікті және достас орта құру.

Байқауға өңірлік, республикалық және шетелдік газеттердің, сайттардың, порталдардың, радиокомпаниялардың, телеарналардың, ақпараттық агенттіктердің журналистері, сондай-ақ журналист-фрилансерлер қатыса алады.

Айта кетейік, NIS үш жылда бір рет білім беру тақырыбына маманданған журналистерге арналған республикалық байқау өткізеді.

2021 жылы байқауға 2018 жылғы 1 маусымнан 2021 жылғы 1 маусымға дейін қазақстандық және шетелдік БАҚ-та жарияланған немесе эфирге шыққан талдамалық материалдар қабылданады.

Бірінші кезең – материалдарды қабылдау

(2021 жылғы 25 мамырдан 15 маусымға дейін)

Екінші кезең – қорытынды шығару

(2021 жылғы 15 маусымнан 20 маусымға дейін)

Үшінші кезең – жеңімпаздарды марапаттау

(2021 жылғы 20 маусымнан 28 маусымға дейін).

Байқау қорытындысы бойынша әртүрлі номинацияларда он жеңімпаз және он лауреат аталады.

Қазақтың ұлы ғалымы және ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Шамшырақ» арнайы номинациясы бекітілді. Барлық жеңімпаздар мен лауреаттар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, байқаудың символикасы бар кәдесыйлармен марапатталады, - делінген хабарламада.

Байқауға әртүрлі жанрдағы материалдар – мақалалар, очерктер, талдамалық шолулар, сұхбаттар қабылданады.

Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Материалдар 2021 жылғы 15 маусым Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Байқау материалдары төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21/1,

310-кеңсе, Баспасөз қызметі («Байқауға» белгісімен)

немесе электронды поштаға mediakonkurs2021@nis.edu.kz.



Өзгелердің жаңалығы