Журналистер Алматы облысы ТЖ департаментінің жедел құтқару жасағымен танысты

4 Қараша 2023, 20:36
647
Бөлісу:
Журналистер Алматы облысы ТЖ департаментінің жедел құтқару жасағымен танысты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының ақпараттық сайттар мен өңірлік коммникациялар қызметінің тілшілеріне Қонаев қаласының жедел құтқару жасағы аумағында пресс-тур ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараның мақсаты, құтқарушылардың қиын жұмысымен журналистер мен медиа тұлғаларды таныстыру. Жедел құтқару жасағының кәсіби тіршілігін көзбен көріп, құтқарушылық қызметтегі құралдары мен техникаларын көрсету.

Баспасөз турының бағдарламасы бойынша тілшілер мен медиа-тұлғалар жедел құтқару жасағының алаңында арнайы техниканың көрмесін тамашалады. Ол жерде әр құралдың жұмысы, заманауи авариялық-құтқару құрылғыларын қолдану әдісі мен құтқарушының әртүрлі төтенше жағдайдағы іс-әрекеттері түсіндірілді. Сонымен қатар, кинолог жұмысының қыр-сыры айтылып, құтқарушы-иттерді тәрбиелеу жолдары көрсетілді.

Пресс-тур соңында журналистер әуе жастықшасы бар «Славир 9У» кемесіне отырып, су үстіндегі құтқарушылардың жұмысы жайлы сұқбат жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы