Астаналық журналист "Әлем ханымы" байқауында үздіктер қатарынан табылды

31 Желтоқсан 2019, 14:50
3843
Бөлісу:
Астаналық журналист "Әлем ханымы" байқауында үздіктер қатарынан табылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 32 жастағы қазақстандық журналист Арай Әлімхан "Әлем ханымы" байқауында "Мінсіз әйел" титулына қол жеткізді. 

Жалпы 96 әйел қатысқан байқауда ол 13-орынға тұрақтады. Бұл туралы Арайдың өзі Instagram-дағы парақшасына жазды. Ол алдымен осы нәтижеге көңілі толатынын айтып және бас жүлдеге ие болған "Мьянма ханымын" құттықтады.

iGIf-bSChFg.jpg

Арай Әлімхан – отандық телеарналарда жұмыс істеген журналист. Бұл күнде екі бала тәрбиелеп отыр. Декреттік демалысын пайдаланып, әлеуметтік желіде өте белсенді. Отбасылық қарым-қатынасы, ана мен бала, әйелдер тақырыбында пост жазып тұрады. 

Ол байқауға қатысуға ұзақ ойланған. Себебі, өзінің айтуынша, "Біріншіден, бір елді таныстыру - үлкен жауапкершілік". Сонымен қатар, өзінің бойының аласа болуы да қорқыныш тудырған.

Өзгелердің жаңалығы