Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады

10 қыркүйектен бастап Астанадағы жолдардың бірінде көлік қозғалысы толық тоқтайды. Жолға шығатындар бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.

9 Қыркүйек 2026, 20:56
АВТОР
 istockphoto.com 9 Қыркүйек 2026, 20:56
9 Қыркүйек 2026, 20:56
135
Фото: istockphoto.com

Астанада Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, қозғалыс 10-15 қыркүйек аралығында аталған учаскеде толықтай жабық болады.

Бұл жерде мердігер ұйым инженерлік желілерді және жол төсемінің негізін орнату жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты жол учаскесі көлік қозғалысы үшін жабылады, - делінген хабарламада.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысындағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұрады.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға келетін қолайсыздықты азайту мақсатында учаскеге уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Жүргізушілерге жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумаққа жақындағанда жол белгілерінің талаптарын сақтап, мүмкіндігінше балама бағыттарды таңдаған жөн.

Наверх