Жүргізушілер жол апатын полициясыз реттей алады

9 Маусым 2022, 11:35
1206
Бөлісу:
Жүргізушілер жол апатын полициясыз реттей алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу, оны дамыту және банк қызметі мәселелері талқыланды. Осы заң аясында жол-көлік оқиғасын сақтандыру рәсімін жеңілдету жоспарланып отыр.

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова түсіндіріп берді.

Заң жобасында сақтандыру саласын одан әрі цифрландыру арқылы сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттыру жоспарланып отыр.

2019 жылдың басынан бері міндетті автосақтандыру шарттары онлайн режимде электронды форматта жасалып келеді. Цифрландырудың келесі кезеңі  – сақтандыру оқиғасын онлайн-реттеуді енгізу. Мобильдік қосымшаны пайдалана отырып автосақтандыру бойынша сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу ұсынылады. Бұл тәртіп полицияны қатыстырмай және сотқа жүгінбей, жол-көлік оқиғалары бойынша сақтандыру төлемдерін жедел алуға мүмкіндік береді, - дейді ол.

Айтуынша, заң жобасының маңызды жаңалығы – міндетті автосақтандыру бойынша икемді тарифтеу тетігін енгізу. 

Қолданыстағы сақтандыру тарифтері заңнамалық тұрғыдан  2007  жылы белгіленді және сол кезден бері жаңартылған жоқ. Икемді тарифтеу жүйесі Қазақстан өңірлері бойынша нақты болатын апаттарды ескереді және сақтандыру тарифтерін  автоматты түрде жаңартуға мүмкіндік береді, - деп толықтырды Әбілқасымова.

Өзгелердің жаңалығы