Жүргізуші құқығынан айырылғандарға көлік айдағаны үшін салынатын айыппұл 5 есе артады

6 Қараша 2019, 15:54
2004
Бөлісу:
Жүргізуші құқығынан айырылғандарға көлік айдағаны үшін салынатын айыппұл 5 есе артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қанат Мусин жүргізуші құқығынан айырылғандарға көлік айдағаны үшін салынатын айыппұл 5 есе ұлғайтылатынын айтты. 

Пленарлық отырыста "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.   
Депутаттар тарапынан жекелеген құқықбұзушылықтар қысқартылып, кодекстен алынып тасталды. Өйткені мұндай даулар сотта азаматтық талап қою тәртібімен азаматтарды әкімшілік жауаптылыққа тартпай шешілуі мүмкін. Бірқатар құқықбұзушылықтар бойынша айыппұл санкцияларының мөлшері төмендетілді, сондай-ақ қолданыстағы әкімшілік жазалар әлдеқайда жеңіл жазаларға ауыстырылды, - дейді Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин. 
Оның айтуынша, депутаттардың ұсынысымен жол жүру саласындағы жекелеген заң бұзушылықтар үшін айыппұл санкциялары ұлғайтылған. 
Жүргізуші құқығынан айырылған адамға көлік құралын жүргізгені үшін 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл салынады. Қазір мұндай айыппұл 10 АЕК-ті (25 250 теңге) құрап отыр. Сондай-ақ, осындай тәртіп бұзушылықты қайталап жасағаны үшін айыппұл мөлшері 20-дан 70 АЕК-ке дейін (50 500 теңгеден 176 750 теңгеге дейін) ұлғайтылды.  Бұл түзету қазақстандықтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған. Одан бөлек, депутаттар тарапынан жекелеген құқық бұзушылықтар қысқартылып, кодекстен алынып тасталды. Өйткені мұндай даулар сотта азаматтық талап қою тәртібімен азаматтарды әкімшілік жауаптылыққа тартпай шешілуі мүмкін, - дейді депутат.

Өзгелердің жаңалығы