Риддер қаласында тұрғын үй ауласында 6 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға 23 желтоқсанда болған. Риддер қаласында Lada X-Ray маркалы автокөлік жүргізушісі тұрғын үйлердің бірінің маңында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция қызметкерлері жүргізушіні анықтады. Оның көлігі тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.