Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры тағайындалды

29 Тамыз 2019, 15:55
3894
Бөлісу:
Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ақан Абдуалиев Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды. 

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбаев хабарлады.

"Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ақан Абдуалиев Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды. Ақан Жылқышыбайұлы! Құтты болсын. Сіз өнер саласындағы мықты менеджерсіз. Сізге жаңа қызмете сәттілік тілеймін!", - делінген хабарламада. 

Ақан Абдуалиев 1975 жылы туған. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын және Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке орындаушысы болып бастаған. 

Әр жылдарда «Қазақконцерт» РМҚК-да аспапта жеке орындаушы, Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі мен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, А.Жұбанов атындағы республикалық мектеп интернаты директорының орынбасары, директоры, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың маусым айынан - Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болған.  

2018 жылдан  бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Өзгелердің жаңалығы