Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы бар науқастар үшін COVID-19 қауіпті – кардиолог

3 Қыркүйек 2021, 11:14
4793
Бөлісу:
Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы бар науқастар үшін COVID-19 қауіпті – кардиолог

Алматы, BAQ.KZ. Соңғы 2-3 жылда ковидтің өзіне қарағанда оның әлдеқайда күрделі ағымы және ковидтен кейінгі синдром туралы жеткілікті ақпарат жинақталды.

Полинейропатия (нерв жүйелерінің зақымдануы) түріндегі, ковидтен кейін аса жиі болатын асқынуларға бүйрек, бауыр, жүрек және шеткі қан тамырларының зақымдану симптомдары кіреді. 

Бірқатар жарияланымдар көптеген асқынулар кешірек пайда болатынын көрсетеді, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары ауырсыну, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары түрінде байқалады. Бірқатар зерттеушілер инфекция кезінде пациенттердің 7,3%-ында спецификалық емес жүрек соғыстары, COVID-19 шалдыққан пациенттердің 16,7% -да аритмия дамитындығы байқалғанын жазады.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Консультациялық-диагностикалық орталығының меңгерушісі, м.ғ.д., жоғары санатты дәрігер Қуат Абзалиевтің айтуынша, жеңіл түріндегі немесе симптомсыз ковид инфекциясына шалдыққандарда асқынулар кейде белгілі бір уақыттан кейін байқалуы мүмкін. Пандемияның алғашқы толқынының асқынған кезінде инфекция тек тыныс алу ағзаларының жүйесін зақымдады, алайда мутация барысында жүрек-қантамыр жүйесін қоса, басқа да ағзалардың зақымдануы туралы жарияланымдар пайда бола бастады, себебі гипоксия мен қабыну көріністері миокард пен коронарлық тамырларға ауысты. 

Вирустық инфекция көбіне миокардты зақымдайды. Миокардтың қабыну реакцияларының көріністері жүрек бұлшықетінің зақымдану мен интоксикацияның ауырлығына, сондай-ақ ағзаның иммундық жүйесіне байланысты. Егер миокардитті емдемесе, онда кардиомиопатия, өмірге қауіпті аритмия, қанның ұю салдарынан тромбтардың пайда болуынан кенеттен өлімге әкелетін қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Аздаған жүктемелер кезінде жүрек соғысы мен ентігудің пайда болуы миокардтың қабыну реакциясының бар екендігін білдіреді. Пациенттер, әдетте, коронавирус инфекциясы кезіндегі әлсіздік, уыттану деп есептейді де, назар аудармайды. Олар дәрігерге дер кезінде қаралмай, тексерілмей, өз бетінше емделумен айналысады. Жеңіл симптомдар мен көріністерге көңіл бөлмеу аурудың әрі қарай асқынуы мен өршуіне алып келеді.

Егер ковид инфекциясымен ауырып шыққан соң жай-күйіңіз жақсарып, тұрақтанған соң, электрокардиография, жүректің ультрадыбыстық диагностикасын жасау қажет, қабыну маркерлеріне анализ тапсырып, жүрек-қантамыр жүйелерінің қалпына келуі үшін кардиологқа барып қаралған жөн. Цитокиндік дауыл» деп аталатын, яғни нақты жүйелі қабыну жауабы науқастардың 40%-ында диагностикаланады және тек жүрек қана емес, сондай-ақ полиоргандық жеткіліксіздікке алып келуі мүмкін. Сондықтан COVID-19 емдеу кезінде вирустық инфекцияның кардиоуыттылығының қаупіне үнемі бақылау жүргізу қажет- дейді Қуат Баяндыұлы. 

Компьютерлік және магнитті-резонансты томография жүректің ишемиялық ауруын болдырмас үшін өкпе ауруларын да, сонымен қатар жүрек-қантамыр жүйелерін де диагностикалауға көмектеседі. КТ кардиомиопатия, инфекциялық эндокардит, жүректің жаңа пайда болған құрылымдарын диагностикалауда да көмектеседі. 

COVID19 ауыр ағымы мен өлімінің қауіпті тобын жүректің созылмалы ишемиялық ауруы бар пациенттер, сондай-ақ бұған дейін тұрақты ЖИА ағымы болған пациенттердегі асқынулар құрайды.

Қытай ғалымдарының зерттеулерінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі COVID-19 емделуге жатқызылған пациенттердің 23%-да байқалды. АҚШ-да клиникалық айқындалған жүрек кемістігі COVID-19 шалдыққан пациенттердің 42%-да болды. Созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттердің 72%-ында емделуге жатқызылғаннан кейін 1,5 күннен соң өкпенің жасанды желдеткішіне қажеттілік пайда болды. Айқындалған жүрек кемістігінің дамуы адамның иммундық жүйесінің коронавирустық инфекцияға бақыланбайтын реакциясының нәтижесі («цитокиндік дауыл») болып табылады, оны септикалық шок деп те атауға болады.


Өзгелердің жаңалығы