Жұпыны киінген Мейрамбек Бесбаевты ел танымай қалды

30 Маусым 2023, 04:21
2939
Бөлісу:
Жұпыны киінген Мейрамбек Бесбаевты ел танымай қалды
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың тыңдарманға пранк жасаған бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видеодан сақал-мұрт жабыстырып, бас киімді басып киген көзілдірікті ер адамның белгісіз жігіттің өнерін тамашалап отырғанын көруге болады. Бірде жұпыны киінген ер азамат жақындап, домбыра шертпек болып жігітке өтініш жасайды.

Ол бірнеше күйді нақышына келтіріп орындайды. Белгісіз ер азаматтың орындауына тамсанған көпшілік қол шапалақтап, қошемет көрсетті.

Кейін ер адам бетіндегі жасанды сақал-мұрты мен шашын алып, көзілдірігі мен бас киімін шешеді. Жиналған жұрт өнер көрсеткен адамнаң танымал әнші Мейрамбек Басбаев екенін көргенде таңғалғанын жасырмады.

Көпшілікті таңғалдырған өнер иесі барша жиналғанарды домбыра күніне орай өтетін шараның қонағы болуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы