Жұмысыздықпен күресетін жаңа ұлттық жоба: не өзгереді?

9 Ақпан 2022, 12:28
1453
Бөлісу:
Жұмысыздықпен күресетін жаңа ұлттық жоба: не өзгереді?

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Президент тапсырмасы бойынша елімізде халықтың табысын арттыру шаралары бойынша жаңа бағдарлама әзірленеді. 

Ұлттық жобаға қандай өзгерістер енгізілгені туралы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жәнеәлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина айтып берді.

 «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін жұмыс істеді.

Жаңа бағдарлама ең алдымен NEET санатындағы жастардың жұмыссыздық мәселелерін шешуге арналған. «Жастар практикасы» және «алғашқы жұмыс орны» сияқты бағдарламалар жалғасады, бірақ түзетулер енгізіледі. 

«Екі жағдайдада жалақыны 76 мыңнан 91 мың теңгегедейін өсірдік, шарттар ұзартылды. Егер бұрын субсидияланғанжұмыс орындары жарты жылға бөлінсе, енді «жастар практикасы» бір жылға дейін, «алғашқы жұмыс орны» – 18 айға дейін созылады. Сонымен қатар, біздің алдымызда бағдарлама қатысушыларының кем дегенде 90 пайызын осы мерзім аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастыру міндеті тұр», – дейді Шолпан Рахматуллина.

Оның мәлімдеуінше, «бірінші жұмыс орны» бойынша жұмысқа тек түлектер ғанае мес, кәсіби немесе жоғары білімі жоқадамдар да орналаса алады. Биыл мемлекеттік бағдарламаға 92 адам қатыса алады, 42-сі өткен жылы қабылданды. Практикадан өту орны да өзгерді. 

«Егер бұрын жас мамандар оны мемлекеттік мекемелерде өткізсе, енді олар негізінен жеке кәсіпорындарда жұмыс істейтін болады. Бұл техникалық мамандық түлектері өзмамандықтары бойынша жұмыс істей бастауы үшін жасалды. «Бастау бизнес» жобасынада түзетулер енгізілді. Грант мөлшері екіесеге – 612 мыңнан1 225 мыңтеңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл жағдайда қаражат негізінен жас кәсіпкерлерарасында бөлінеді. Енді дәл осы өтеусіз гранттарды халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар немесе жастар ғанаала алады, яғни жұмыссыздар грантқа ие бола алмайды», – деп атап өтті Шолпан Рахматуллина. 

2022 жылға 487грант бөлінді, оның 260-ы жастарға арналған. 

«Қаржы толығымен игерілуде. Жеңілдікті несиелеуге және, әсіресе, өтеусіз төлемдерге тілек білдірушілер өте көп. Әрине, бәрі жұмысты аяқтағаннан кейін жұмысын жалғастыра бермейді. Мәселен, өткен жылы жоба бойынша оқудан он мыңға жуықадам өтті, бес мыңнан астам адамөз ісін ашты, тек төртеуі ғана жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер», – деп түсіндірді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

 Оның айтуынша, карантиндік шектеулер бизнесті дамытуға өзгерістер енгізді. Қиындықтарға тап болған кәсіпкерлерге қосымша қаржыландыру, кеңес беру бойынша көмек көрсетіледі. 

«Ірі кәсіпорындардың шағын немесе жаңа құрылған бизнес субъектілерін қамқорлыққа алуы сияқты көмектесу тәжірибесі бар. Мысалы, «Айтас» АҚ «Макинск құс фабрикасынан» қолдау тапты. Оларға фабрика қызметкерлері үшін арнайы форма тігумен айналысу ұсынылды. Осылайша  тұрақты клиент пен табыс пайда болды», – деп нақтылады Ерқанат Мұсылманбек.

 

Өзгелердің жаңалығы