Жұмыссыз азаматтардың ресми түрде тіркелу белсенділігі артты – Нұрымбетов

27 Қазан 2020, 10:14
1465
Бөлісу:
Жұмыссыз азаматтардың ресми түрде тіркелу белсенділігі артты – Нұрымбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкіметтің онлайн отырысында баяндады.

Жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралары осы жылдың екінші-үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейін 5% мөлшерінде сақтап қалуға мүмкіндік берді. Еңбек нарығына дағдарыс жұмыспен қамтудың қысқаруына қарағанда негізінен жұмыс уақытының қысқаруымен әсер етті. Сонымен қатар жұмыссыз жүрген азаматтардың Жұмыспен қамту орталықтарына ресми түрде тіркелу белсенділігі артты, - деді министр.

Ол індеттің жағымсыз салдарын азайту мақсатында халықты жұмыспен қамту шараларының кешені қабылданғанын айтты. 

Биыл жұмыспен қамтуды қолдау шаралары арқылы 1,2 млн адам қамтылады. Ол шаралар «Еңбек» бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ұсынылған. Бүгінгі таңда 934 мың адам жұмыспен қамтылу шараларына тартылды, оның 411 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылды, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы.

Сонымен қатар, министр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 6 700 әлеуметтік-коммуналдық және инженерлік-көліктік инфрақұрылымдық жоба іске асырылылып жатқанын алға тартты.

Бұл жобалар халықты жұмыспен қамтумен қатар өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған көптеген әлеуметтік мәселені шешеді. Мысалы, бұл 3 ауысымдық апатты жағдайдағы мектеп мәселесі, ауылда білім алу мен медицинаға қолжетімділігі, ауыл тұрғындары үшін таза ауыз су жеткізу, суармалы жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту, ауылды, елді мекендерді газдандыру сияқты мәселелердің шешіміне мүмкіндік береді, - деп атап өтті Нұрымбетов Үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы