Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенов қаражаттың көп бөлігі министрліктің есебінен болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске салайық, Жұмысшы мамандықтары жылы өтетін шараларға 20 өңір мен 13 мүдделі министрлік атсалысады. 7 бағыттан тұрады және 70 іс-шара қамтылған.
Жан басына шаққандағы қаржыландыруға (еск - колледжердегі білім сапасын арттыруға) республикалық бюджеттен 58 млрд теңге бөлінді. Қалған қарастырылған мәселелердің бәрі министрліктердің өздерінің қаралған бюджетінен болмақ, – деді Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова.
Еске сала кетсек, бұған дейін министр "Жұмысшы мамандықтары жылы" елімізде қандай шаралар ұйымдастырылатынын айтқан еді. Бейсембаев шаралар жоспары 7 бағытты қамтитын 70 тармақтан тұратынын айтады.
Премьер-министр экономиканың дамуы кәсібін жеттік меңгерген мамандарға байланысты екені туралы осыған дейін айтты. Сондай-ақ Тамара Дүйсенова айыппұлдардың көбеюіне қатысты пікірін білдірді.