Жұмысқа қабылдау біліктілік талаптарына сәйкес жүргізіледі – "Westoil Software" компаниясы

27 Ақпан 2024, 18:50
580
Бөлісу:
Жұмысқа қабылдау біліктілік талаптарына сәйкес жүргізіледі – "Westoil Software" компаниясы

"Westoil Software" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компания бүгіннен бастап ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімін негізге ала отырып, өндірістік қажеттілікке байланысты 50 қызметкермен еңбек шартын бұзатынын хабарлауға мәжбүр.

Пайда болған бос орындарға жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтардың арасынан қабылдаймыз. Бұл ретте жұмысқа қабылдау ісі бос лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, - делінген мәлімдемеде.

Бұл тәсіл еңбек заңнамасына толығымен сәйкес келеді.

Жұмысқа қабылдау процесі аяқталғанша жұмыстан босатылған қызметкерлердің келісім комиссиясы арқылы жұмысқа қайта оралуына мүмкіндігі бар. Осындай мүмкіндік бар кезде, заңсыз ереуілге қатысушылардың барлығын өз жұмыстарына оралған әріптестерінен үлгі алуға шақырамыз.

Бұл процесс жоспар бойынша жалғасады. Біз жұмысқа орналасуға ниетті жаңа үміткерлердің толық тізімін анықтағаннан кейін, заңсыз ереуілді тоқтатқысы келмеген басқа жұмысшылармен еңбек шартын бұзатын боламыз. Олардың орнына жұмысқа өңірдегі жұмыссыздардың арасынан қабылдаймыз, - деп жазды "Westoil Software" ЖШС.

Өзгелердің жаңалығы