Жұмысқа орналастыру мәселесі: Жаңаөзенде Халықтық бақылау тобы құрылды

12 Ақпан 2022, 12:55
1942
Бөлісу:
Жұмысқа орналастыру мәселесі: Жаңаөзенде Халықтық бақылау тобы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзенде жұмысқа орналастыру мәселесі жөніндегі комиссия жанынан Халықтық бақылау тобы құрылды. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев бастаған жұмыс тобы бастамашыл топпен келіссөздер жүргізіп, мәселені шешудің үш бағыты бойынша жоспар ұсынған болатын.

Екі тарап арасындағы келіссөздер нәтижесінде қалалық жұмыспен қамту орталығында 5 санат бойынша кезекте тұрған 150 азаматты қолданыстағы алгоритм негізінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на сервистік қызмет көрсететін мекемелерде жаңадан құрылатын 150 жұмыс орнына халықтың әлеуметтік осал тобына жататын тұрғындарды жұмысқа орналастыру көзделіп отыр. 

Осы мақсатта Халықтық бақылау тобы құрылды. Азаматтар жұмысқа үміткер тұрғындарды өзара іріктеп, ұсынады, - деп хабарлады әкімдік.

Айта кетейік, Жаңаөзен қаласының жұмыспен қамту бөлімінің «Жұмыс жасаймын» бағдарламасы аясында биыл наурыз айынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері қосымша 50 жұмыс орнын ашады.

Екі тарап арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша 350 адам жұмысқа орналастырылады. 

Өзгелердің жаңалығы