Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарына өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасы арнайы жұмыс орындарын жарақтандыруға арналған субсидиялардың мөлшерін белгілеу жөніндегі бұйрыққа өзгерістер енгізуді көздейді.
Бұдан басқа, арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған мүгедектігі бар адамдар үшін жалақыны субсидиялау жөніндегі норма толықтырылды.
Сонымен қатар, арнайы жұмыс орындарын құруға байланысты жұмыс берушілерді субсидиялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатыны айтылады.
. Мүгедектігі бар адам болып табылатын қызметкер мен жұмыс беруші арасында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кемінде 3 (үш) жыл мерзімге еңбек шарты жасалады.
Бұл ретте, халықты жұмыспен қамту орталығы мүгедек адамдардың еңбегіне ақы төлеуді субсидиялайды.
Субсидия мөлшері:
1) жұмысқа орналастырудың алғашқы 12 (он екі) айы-жалақы мөлшерінің 70%, бірақ 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайды;
2) жұмысқа орналастырудың 13 (он үшінші) айдан 24 (жиырма төртінші) айына дейін-жалақы мөлшерінің 65%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;
3) жұмысқа орналастырудың 25 (жиырма бесінші) айдан 36 (отыз алтыншы) айына дейін – жалақы мөлшерінің 60%, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.
Жұмыс беруші мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру (жабдықтау) жұмыстарын орындағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығына жасалған шартқа және бұдан бұрын ұсынылған шығыстар сметасына сәйкес орындалған жұмыстар актісін қол қою және субсидия алу үшін ұсынады не оған электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол койып, Электрондық еңбек биржасының жеке кабинеті арқылы жолдайды.
Жұмыспен қамту орталығы тексергеннен және орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаннан кейін жұмыс беруші субсидия алады.
Арнайы жұмыс орындарын жарақтандыруға арналған субсидиялардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайды. (Шамамен 920 мың теңге)
Жалпы сипаттағы трансферттер есебінен «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жұмыс берушінің мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға арналған шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындарды қаржыландыруға байланысты.