Жұмыс және бизнес: Астанадағы кездесуде жастар не туралы ақылдасты

25 Мамыр 2023, 12:35
928
Бөлісу:
Жұмыс және бизнес: Астанадағы кездесуде жастар не туралы ақылдасты
PHOTO
Фото: Астана әкімдігі

Астанада «Жастар» сарайында өскелең ұрпаққа арнап іс-шара өткізілді, онда қатысушылар әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесіп, кәсібін қалай бастау және жүргізу туралы қажетті ақпарат ала алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға қатысушыларға жастарға берілетін шағын несиелер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, «Жасыл ел» жобасына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Жұмыс және бизнес: Астанадағы кездесуде жастар не туралы ақылдасты

Сондай-ақ, жастарды жұмысқа орналастыру үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда Агрокредиттік корпорация, Кәсіпкерлер Палатасы және халықты жұмыспен қамту орталығы өкілдерімен консультациялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 16 жұмыс беруші компания қатысты: «FORTEBANK» АҚ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК, «Банк ЦентрКредит» АҚ Астана қаласындағы филиалы, «Астана Тазалық» ЖШС, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы РММ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және т.б.

Жұмыс және бизнес: Астанадағы кездесуде жастар не туралы ақылдасты

Айта кету керек, Қазақстан Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас кәсіпкерлер конкурстық негізде жеңілдікті кредит ала алады.

Жұмыс және бизнес: Астанадағы кездесуде жастар не туралы ақылдасты

27 жастағы кәсіпкер Айдана Сәден 3 жылдан бері бизнеспен айналысады. Ол көрші Қытай мен Түркиядан аяқ киім жеткізеді. Мемлекеттен көмек алу мүмкіндігі туралы естіген соң бірден өтініш беріпті.

Жұмыс және бизнес: Астанадағы кездесуде жастар не туралы ақылдасты

Мен өз бизнесімді кеңейту үшін мемлекеттен 2,5%-бен 5 миллион теңге алдым. Бұл тамаша мүмкіндік. Бұл қаражатты 5 жыл ішінде қайтарамын. Бизнес ашуды жоспарлап отырған жастарға осы мүмкіндікті пайдалануды ұсынамын, – деді елордалық кәсіпкер Айдана Сәден.

Жастар бұл бағдарлама туралы естігенімен, көпшілігі шарттарын біле бермейді. Сондықтан Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы бағдарламаның әрбір тетігін түсіндіру үшін жастармен осы кездесуді ұйымдастырды. Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге беріледі.

Жұмыс және бизнес: Астанадағы кездесуде жастар не туралы ақылдасты

Бүгінгі кездесуге Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының директоры Әсет Көшкінбаев, қала әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытбек Қабжанов, «Студенттік құрылыс және жастар отрядтарының республикалық қозғалысы» ҚҚ төрағасының орынбасары Асылбек Абдурашитов және т.б. қатысты.

Жұмыс және бизнес: Астанадағы кездесуде жастар не туралы ақылдасты
Өзгелердің жаңалығы